316
ЖАҺАН БИЗНЕСІНІҢ ТЫНЫСЫ
ЖАҺАН БИЗНЕСІНІҢ ТЫНЫСЫ
Кәсіп жайлы сөз бастағанда әлемдік алпауыттардың тәжірибесін, жүріп өткен жолын айтпай кетуге болмас. Жуырда «digg.com» сайты 1960-2018 жылдар аралығындағы экономикалық қуаты зор, алпауыт елдердің ондығын жасады. Байқағанымыз жарты ғасырдан астам уақыт аралығында өз биігін ешкімге бермей, мансабын сақтап қалған тек қана Америка Құрама Штаттары. Қалған тоғыз орынға жыл сайын түрлі мемлекеттер таласып отырған. Ел экономикасының даму факторлары қандай? Қытай қаржы қорын 60 млрд АҚШ долларынан 12 238 млрдқа қалай жеткізді? Кеп мемлекеттердегі сауда-өнеркәсібінің өркендемеу себебі не?
АҚШ ұлтық банкінде 1960 жылы небәрі 541 миллард доллар болды. Бір қызығы тізімде орналасқан Ұлыбритания (72 млрд), Франция (62), Қытай (60), Жапония (44), Канада (41), Италия (40), Индия (36), Аустралия (19), Бразилия (15) сынды мемлекеттердің қаржысын қосқан кезде де АҚШ едәуір алда еді. Оның басты себебі дүниежүзілік сауда айналымы құрама штаттардың ұлттық валютасымен жүзеге асатыны болса керек дейді мамандар. Арадан бір жыл өткенде Бразилия өз орнын Швецияға босатып берді. Осы онжылдықта Аргентина мен Испания елдері тізімнен орын алған. Бір қызығы 1970 жылы Германия Федерациясының қаржы қоры 215 млрд АҚШ долларына жетіп, екінші орынға бір-ақ шығады. Онжылдық аяқталар тұста Нидерлендтар 154 млрд доллармен ондықты түйіндеді. Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде әлемдік сауда кеңістігі кеңіп, ақша көлемі де он есеге ұлғайғанын байқауға болады. 1980 жылы ондықтан орын алған Мексикада 200 млрд, көш басындағы АҚШ-та 2897 мррд АҚШ доллары болды. 1990 жылдың басында КСРО ашық экономикалық саясатты ұстанып, 508 млрд доллары бар екендігін жария етті. Бұл тұста тізім соңында тұрған Испанияда 427 млрд болатын. Бірінші орында тұрған әдеттегідей Америка Құрама Штаттары. Ел қаржысы 5692 млрд долларға жетті. Олар он жыл ішінде екі есеге дейін әлеуетін арттырды. Үздік үштікте Жапония (3063 млрд) мен Германия (1433 млдр) бар еді. Тіпті 1993 жылы 431 млрд қаржымен ҚХР ресейліктердің соңында тұрды. Ал жаңа XXI ғасыр басталған тұста Қытайдың даму қарқыны күрт өсіп 1217 млрд доллармен тізімнің 6 орнынан жайғасты. 2004 жылы бұл ондықта жаңа есім пайда болды. Ол Корея етін. 898 млрд доллары бар Корея араға 2 жыл салып орнын қайта босатты. Содан 2009 жылы 1661 млрд доллармен Ресей қатарға тағы бір рет қосылды. Бірнеше жыл бұрын тізім соңында жүрген ҚХР болса, 2010 жылы Жапонияны басып озып, тізімде екінші орынды еншіледі. Сарапшылар «Қаржы қоры 6109 млрд болған Қытай 14967 млрд доллармен биікте тұрған АҚШ ты басып озуға ұмтылады» деп тұс-тұстан айтып жатты. «Ғасырға жуық көш бастап келе жатқан АҚШ өз орнын ешкімге беріп қоймайды» деп пікір білдірушілер де табылды. Бірақ, экономикалық өсу қарқыны таңқалдырған Қытай 2017 жылдың соңында 12238 млрд долларға дейін өз қаржысын өсірді, ал Трамп бастаған ел де қаржы көлемін 19391 млдрқа жеткізген-ді. Жаһан бизнесінің алтын кезеңі енді басталған сыңайлы. Тағы бір онжылдық өткеннен кейін тарих беттеріне жаңа көшбасшының есімі жазылуы мүмкін.
ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ – САУДА
Экономикаға әсер етуші негізгі фактор өнеркісіп екені сөзсіз. Дегенмен өндіріс ошақтары бола тұрып сауда жасалмаса еткен еңбектің пайдасын ел көре алмай, бар харекеті далаға кетпек. Бұны шығыстағы көршіміз Қытай дәлелдеп те берді. Жаңа ғасыр басталғалы бері көп өтпесе де Қытай әлем елдерінің 90 пайызына тауар экспорттайды. Тіпті дүниежүзілік сұранысқа ие кей брендтердің өзі Қытай өндіріс ошақтарына тәуелді. Еліміз соңғы жылдары аспан асты елімен өз қарым-қатынасын нығайтып келеді. Өйткені оның өзіндік мәнісі бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қытайға сапарында екі ел арасындағы сауда ынтымақтастықтың дамуын назардан тысқалдырмайды. 2018 жылы Елбасы Бүкілқытайлық xалық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті. Сондай-ақ, Президент «Дяоюйтай» мемлекеттік резиденциясында CNPC директорлар кеңесінің төрағасы Ван Ильинмен де жүздесіп, келіссөздер жүргізді. CNPC – Қытайдың аса ірі мұнай-газ корпорациясы. Қазақстан мен Қытайдың мұнай-газ саласындағы серіктестігіне былтыр 20 жыл толған болатын. Осы жылдар ішінде CNPC компаниясы еліміздің мұнай-газ жобаларына 42 млрд доллар инвестиция салып, ел бюджетіне 40 млрд доллардан астам салық төлеген. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жоспар бойынша Қытай бизнесінің алыптарымен де жүздескен болатын. Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің төрағалары мен өкілдері келген маңызды жиынға қазақ кәсіпкерлері де қатысты. Жалпы қазір қазақ-қытай арасында құны 27,7 млрд долларға бағаланатын 51 ортақ жоба бар.
Елімізде 2018 жылдың 11 айында экспорт және импорт бойынша 15 мыңнан астам декларация рәсімделген. Бір ғана Үндістан мен Қазақстан сауда айналымының көлемі 1 миллиард долларға жетті. «Сауда садақпен тең» деген тәмсіл қай кезде де өзекті. Оны иіп алмау тек өзіміздің қолымызда.