Қызылорданың тұсында ескі су бөгеті жарылды

Қызылорданың тұсында ескі су бөгеті жарылды

Қызылорданың тұсында ескі су бөгеті жарылды
ашық дереккөзі
308
Сырдария өзенінің Қызылорда қаласы тұсындағы ескі бөгетті су жарып өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Алайда сол жағалауға қауіп төнген жоқ. Мамандар осылай деді. Жаңа қала бой көтере бастаған аймақта былтыр осы қорғаныс бөгеті салынған болатын. Соның арқасында топан су арнасынан шыққан жоқ. Дегенмен, 10-ға жуық техника жұмылдырылып, инертті материалдардың көмегімен ескі бөгет тез арада қалпына келтірілді. Қазір облыс аумағындағы барлық қауіпті тұс ерекше бақылауға алынған, күндіз-түні кезекшілік ұйымдастырылуда. «ҚР Үкіметінің арнайы шығындарынан, төтенше жағдай шығындарынан 2 миллиард 656 миллион қаржы бөлініп, 10 км қорғаныс бөгеті салынып, қазіргі заманға сәйкес, сол қорғаныс бөгетінің алдындағы ескі қорғаныс бөгеттерінің үстінен су жүріп, жаңа қорғаныс бөгетіне келіп тірелді.  Ескі қорғаныс бөгетін шұғыл сол араға бекітілген мекемелер, қала әкімдігі тарапынан арнайы мекемелер жұмылдырылып, толық қалпына келтіру жұмыстары аяқталды», – дейді  облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы бастығының орынбасары Ғабит Жаңабаев.  

Серіктес жаңалықтары