Қайырымдылық – қасиетті іс

Қайырымдылық – қасиетті іс

Қайырымдылық – қасиетті іс
ашық дереккөзі
400
«Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойына орай қолға алынған «Партияның 20 қайырымды ісі» акциясы аясында Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетілді. Қайырымдылық шарасына «нұротандық» депутаттар мен партия белсенділері атсалысқан. Партиялықтар қолдау көрсеткен Перизат Оразбай інісінің 6 баласын қамқорлығына алыпты. Қазір жолдасы екеуі өз балаларымен бірге 9 бала тәрбиелеп отыр. Бауырына басқан балалардың алды 3-сыныпта оқып жүрсе, кішісі – 5 жаста. Балаларды облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Әсел Сарманова қысқы киіммен қамтамасыз етті. «Қамқорлығыма алған інімнің балалары Мақсат пен Зухраға күртеше қажет болды. Партиялықтарға өтініш білдірген болатынмын. Бүгін міне, тек күртеше ғана емес, аяқ киім, бас киім, жалпы түгел қысқы киіммен қамтамасыз етіп отыр. Ризашылығым шексіз», – дейді көпбалалы ана. Акция аясында көмек алған отбасылардың тағы бірі – Лаура Аманқұлова. Ол бір өзі төрт бала тәрбиелеп отыр. Жолдасы дүниеден озған. Бірнеше жылдан бері ағасының аядай екі бөлмелі үйін уақытша паналауда. «Балаларымның үшеуі мектеп жасында, біреуі кішкентай. Өзімнің тұрақты жұмысым жоқ. Сондықтан партиялықтардан көмек сұраған болатынмын. Біраз күнге жетерлік азық-түлік әкеліп берді. Үй мәселесі туралы өтінішімді де жазып алды», – деді Лаура. Партиялықтар осы күні Бозжігітовтер отбасында да болды. Ұл мен қыз тәрбиелеп отырған ІІ топ мүгедектері Жұмақұл мен Гүлмираға қажетті азық-түлік апарып берді.

Серіктес жаңалықтары