«Рухани жаңғыру» жаңаша серпін алмақ

«Рухани жаңғыру» жаңаша серпін алмақ

«Рухани жаңғыру» жаңаша серпін алмақ
ашық дереккөзі
344
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия Хатшысы Қаныбек Жұмашев және Қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекованың қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың жаңа тәсілдеріне арналған жиын өтті. Бейнеконференция форматында өткен отырысқа өңірлік партия филиалдарының бірінші орынбасарлары және облыс, Астана, Алматы, Шымкент қаласы әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Жиын барысында партия Хатшысы Қаныбек Жұмашев «Нұр Отан» партиясының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіру мен ілгерілетуге бағытталған жүйелі жұмыстары жөнінде баяндады. Қазіргі күні партия Елбасы бағдарламасын халыққа түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін түрлі жұмыс форматтарын пайдалануда. Партия Хатшысының айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында инициативті жобалар кешені де жүзеге асырылуда. «Кейбір жобалардың 2019 жылдың басындағы нәтижелерінен мысал келтіретін болсам, «English for jastar» жобасының аясында 155 волонтер балаларға ағылшын тілін үйренуге көмектесу үшін ауылдық жерлерге жіберілді. «Bilim ortalygy» жобасының аясында республика бойынша 154 орталық ашылды. 2019 жылдың соңына дейін барлық аудан мен қалаларда 217 ұқсас орталықтың ашылуы жоспарлануда», – деді Қаныбек Жұмашев. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе бірыңғай онлайн-кітапхана ашу жөніндегі жұмыстар жүргізуде. Жұмыс барысында кітап қорындағы сұранысқа ие кітаптар электрондық форматқа аударылады. Отырыс барысында бейнебайланыс арқылы облыс және қала әкімдерінің орынбасарлары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа форматтағы өңірлік жоспарларын таныстырды. Әр өңірдің жоспарын тыңдаған Қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова іс-шараларды жүзеге асыруда және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын халыққа жеткізуде «Нұр Отан» партиясының көмегі зор екенін атап өтті. «Қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын өңірлерде «Нұр Отан» партиясымен бірігіп іске асыруға мүдделі, миллионнан астам мүшесі бар Елбасы партиясы бастауыш партия ұйымдарының күшімен әр азаматқа бағдарламаның маңыздылығын жеткізе алатынына сенімдіміз», – деді Қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова.

Серіктес жаңалықтары