365
Атырауда ашылған ІТ-сынып
Атырауда ашылған ІТ-сынып
«Нұр Отан» партиясының хатшысы Илья Теренченко Атырау облысына жұмыс сапарымен барды. Жұмыс сапарында партия хатшысы аймақтағы партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
Ең алдымен, партия хатшысы Илья Теренченко Атырау қаласындағы дарынды балаларға арналған Ұлттық гимназияда партияның 20 жылдығы аясында IT-сыныптың ашылу рәсіміне қатысты. Өткен жылдың қыркүйек айында Атырау облысында «Балаларға арналған тегін IT-сыныптар» партиялық жобасы аясында 10 IT-сыныпта бағдарламалау дағдылары бойынша оқыту басталған болатын. Партияның 20 жылдығына орай өңірде қосымша 6 IT-сынып ашылады.
Сонымен қатар, партия хатшысы «Атырау Мұнай Өңдеу Зауыты» ЖШС бастауыш партия ұйымының қызметімен танысып, осы жерде «Жас Отан» жастар қанатының белсенділерімен кездесті. «Атырау Мұнай Өңдеу Зауыты» БПҰ 2018 жылы «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының жеңімпазы (1-орын) атанған болатын.
Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында партия хатшысы Илья Теренченкоға Атырау облысының геоақпараттық интернет порталы таныстырылды. Геопортал – бұл Атырау облысы бойынша кез келген ақпаратты табудың жеңілдетілген интерфейсі бар және Атырау облысының тұрғындары, кәсіпкерлері мен қонақтарының ақпараттық деңгейін көтеруге арналған анықтамалық пен қаланың және өңірдің алғашқы электронды картасы.
Қорыта айтқанда, партия хатшысы аймақтағы партиялық жобалардың жүзеге асырылу деңгейіне және облыстық филиалдың қызметіне оң бағасын берді.