Қоғамдық қабылдау: оң нәтиже көп

Қоғамдық қабылдау: оң нәтиже көп

Қоғамдық қабылдау: оң нәтиже көп
ашық дереккөзі
400
«Нұр Отан» партиясы Қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтардың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларға байланысты қойған мәселелердің оң шешілуіне мүмкіндік жасап келеді. Партиялықтар мен депутаттық фракция мүшелері көмек сұраған жандарға қол ұшын беруден тартынған емес. Мәселен, Алматы қаласындағы Алатау ауданы, Шаңырақ-2 ықшам ауданының тұрғыны, көп балалы ана Рашида Көштібаева партияның Қоғамдық қабылдауына оқыс оқиға салдарынан үйі өртеніп кеткенін айтып, қаражат жағынан көмектесуін сұрап келген болатын. Сондай-ақ, жалғызбасты ана, еңбек ардагері Қайния Байбатырова да әлеуметтік жағдайының төмендігіне байланысты несиесін төлей алмай жүргенін айтып, жәрдем сұраған еді. Осы мәселелерге қатысты Алматы қалалық мәслихатының депутаты Зиятдин Касановтың қолдауымен көп балалы ана мен еңбек ардагеріне консультативті кеңес беріліп, қаржылай көмек көрсетілді. «Қандай жағдай болмасын, адамдардың қабылдау бөлмесіне үлкен үмітпен іздеп келуі партия беделінің жоғары екенін көрсетеді. Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындарға біз заң аясында әрқашан қолдау көрсететін боламыз», – деп атап өтті Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұханғали Алмасаев. Ал Қостанай облысындағы «Нұр Отан» партиясының қалалық және аудандық филиалдарында халықтың мұң-мұқтажына ерекше көңіл бөліп, азаматтардың қажеттілігін, тұрғындар сұранысын қамтамасыз етуде қоғамдық қабылдаулардың рөлі орасан. Саяси ұйым өкілдері билік пен халықтың арасындағы алтын көпір іспеттес болып, өңірде атқарылған игілікті істердің ұйытқысы бола білуде. Әсет Бірмағанбетов – газ-электрдәнекерлеруші және темір ұстасы. Оқу орнын аяқтағаннан кейін, біраз уақыт жұмыссыз жүрген. Осы мәселе бойынша партияның қоғамдық қабылдауына келген Әсет Бірмағанбетовке Жітіқара аудандық мәслихатының депутаты Мырзабай Ерекенов қолдау білдірді. Халық қалаулысы оған «Жітіқаракоммунэнерго» ҚКМ темір ұста-жөндеушінің орнын ұсынған. Бүгінде жас жігіттің тұрақты жұмысы бар, ол 3-разрядты темір ұстасы-жөндеуші болып қалалық жылыту орталығында еңбек етіп жүр.  

Серіктес жаңалықтары