1561
0-сыныпқа қабылданған балаларға қандай пәндер оқытылады
0-сыныпқа қабылданған балаларға қандай пәндер оқытылады
Биыл 5 жастан бастап 0-сыныпқа қабылданған балалар «Әлiппе»/«Букварь» және «Математика» пәндерін оқитын болады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет басшысы өз жауабында бүгінгі күні «Педагог мәртебесі туралы» және «Оқушы мен мұғалімнің жүктемесін төмендету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылғандығын атап өткен.
«Заң жобаларын әзірлеу аясында 5 жастан бастап 0-сыныпқа қабылдауды жүзеге асыру мәселесі пысықталуда. 0-сыныпты орта білім беру құрылымына енгізу қажет. Себебі бұл деңгей 5 жастан кем емес және 7 жастан аспайтын жас аралығы аясында «Бастауыш білім» білім берудің халықаралық стандарты жіктеуіші (БХСЖ) деңгейіне сәйкес келеді. 0-сыныпта ойын технологияларын қолдана отырып және бірінші сыныпқа көшу кезінде сабақтастықты қамтамасыз ететін балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Әлiппе»/«Букварь» және «Математика» пәндерін оқыту жоспарлануда», - деді Премьер-Министр.
Оның атап өтуінше, балаларды 0-сыныпқа даярлау олардың еске сақтау қабілеттерін, логикалық ойлауын, қолдың ұсақ моторикасын, монологтік сөйлеу тілін, топпен және жұппен жұмыс жасай білуін, сондай-ақ баланың ерте жастан дамуы үшін маңызы зор коммуникативтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында 1-сыныптың оқу бағдарламалары 0-сыныптың оқу бағдарламаларының енгізілуін ескере отырып, қайта қаралатын болады. 0-сыныпта жұмыс жасайтын барлық педагогтер арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
«2018 жылғы 5 қазаннан Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында Мектепке дейінгі білім беру сапасын жоғарылату бойынша жол картасы әзірленді. Онда бірыңғай біліктілік талаптарын, ұлттық біліктілікті тестілеуді енгізу көзделген және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен басқа да жұмысшыларының еңбекақы жүйесі қайта қарастырылған. Сондай-ақ, 0-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс жасайтын педагогтерге тиісті қосымша ақы қарастырылатын болады. Заң жобасы қабылданғаннан кейін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және оқу