Рахымжан Отарбаев атындағы Халықаралық театрлар фестивалі мәресіне жетті

Рахымжан Отарбаев атындағы Халықаралық театрлар фестивалі мәресіне жетті

Рахымжан Отарбаев атындағы Халықаралық театрлар фестивалі мәресіне жетті
ашық дереккөзі
361

Атырауда жазушы-драматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаевтің  шығармашылығына арналған  Халықаралық театрлар фестивалінен М.Әуезов театры Бас жүлдемен оралды, деп хабарлайды театрдың Баспасөз қызметі.

Фестивальде театр ұжымы автордың «Бейбарыс сұлтан» тарихи драмасын сахналады. Сонымен бірге, еліміздің әр өңірінен және Моңғолия мен Қырғызстан театрларынан жалпы алғанда он екі театр қатысты. Театрымыздың көркемдік жетекшісі, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасында:  Қазақстанның Халық артисі Есмұхан Обаев, жазушы, аудармашы, «Художественная литература» баспа үйінің бас директоры Георгий Пряхин, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Пусурман Удоркараев, Моңғолия Республикасындағы қазақ қауымының жетекшісі, Моңғолия жерінде қазақ тілінде шығатын «Шұғыла» журналының бас редакторы,  ақын Сұраған Рахметұлы төрағалық етті.

Нәтижесінде, Атырау облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан: «Халықаралық театр фестиваліміздің негізгі айыпкері, бас кейіпкері Рахымжан ағам Отарбаевтің шығармашылығына арналған фестиваліміздің Бас жүлдесімен Әкемтеатр аталып кеткен М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры марапатталады», – деп  Бас жүлдені театрымыздың директоры Ерлан Біләлге салтанатты түрде табыстады.

Театр директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл: «Аяулы көрермендер, біз, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Атырау қаласына әрдайым ат басын тіреп,  гострольдік сапарлармен және фестивальдермен келгенде, ыстық ықыластарыңызға бөленіп, Ақжайықтың сұлулығын, әдемілігі мен әспетін қашанда арқалап кетіп жүрдік. Міне, бүгінде бір-бірімізге деген сүйіспеншілігіміз мен баянды байланыстарымыз Р.Отарбаев атындағы Халықаралық фестивальде айғағын тауып отыр. Әкемтеатрдың атынан Атырауда кіндік қаны тамған абзал ұлдарыңыз Р.Отарбаев сынды ардақтыларыңызды хан көтеріп, жақсылық жасағандарыңыз үшін бүгінгі Атырау облысының әкімдігі мен бүкіл ел-жұртқа алғысымызды айтқымыз келеді. Р.Отарбаев арқылы Атырау халқы жалпы театр әлеміне деген сүйіспеншілігінің шексіз, қашанда өнерлі жер, қасиетті мекен екенін бүгінгі күн тағы бір мәрте дәлелдеді. Сондықтан осындай бағытымыз баянды, Қазақ елі, Елбасымыз, халқымыз аман болсын!» дей отырып, Ақжайықтың еліне игі-тілектерін арнады.

_EAC2601Сонымен қатар, 1-орын Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының қанжығасына байланса, 2-орынды Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры мен Т.Әбдімомынов атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық драма театры бөлісті, ал 3-орын Қ.Жандарбеков атындағы  Жетісай  драма  театры мен Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрының еншісіне тиді. Оған қоса,  «Үздік режиссер» Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Нұрлан Жұманиязов, «Үздік ер адам» – Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының директоры Қуаныш Амандықов,  «Үздік әйел бейнесі» – Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айнұр Бермұхамедова, «Үздік эпизод» Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрының актері, ҚР еңбек сіңірген артисі Бақытбек Алпысбаев, «Үздік сценография» – Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облысының қазақ музыкалық-драма театрының бас суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Серік Пірмаханов, «Үздік хореография» номинациясымен Баян Өлгий аймақтық музыкалық драма театры марапатталды және тағы бірнеше аталымдар бойынша жүлделер тағайындалды.

_EAC3335

Серіктес жаңалықтары