«Twitter»-мен арпалысқан Роскомнадзор

«Twitter»-мен арпалысқан Роскомнадзор

«Twitter»-мен арпалысқан Роскомнадзор
ашық дереккөзі
217
Роскомнадзор пайдаланушылардың жеке деректерін бермегені үшін «Twitter» мен «Facebook»-ке қарсы әкімшілік іс қозғады. Мекеме өкілінің айтуынша, америкалық компаниялар олардың сауалдарына «жалпылама жауап» берген. Жауап хатта Ресей заңдарын қазір қалай орындап жатқаны, болашақта қашан және қалай орындайтыны туралы мәлімет берілмеген. Роскомнадзордың баспасөз қызметі «Медуза» басылымында Facebook пен Twitter-дің үстінен ақпарат бермеу туралы бабы бойынша іс қозғалғанын растады. Бұған дейін мекеме жеке мәліметтерді сақтау туралы мемлекеттік органдарға ақпарат бермегендерге бес мың рубльге дейін айыппұл салынатынын ескерткен. Бұдан бұрын, 2018 жылы 17 желтоқсанда  Роскомнадзор басшысы Александр Жаров «Twitter» және «Facebook»-ке пайдаланушы деректеріне қатысты Ресей заңнамасын сақтау қажеттілігі туралы хабарлама жібергенін айтқан еді. Жеке деректерді сақтау туралы заң Ресейде 2015 жылы 1 қыркүйекте күшіне енгені белгілі. Заң интернет желілерін жасаушы компанияларды ресейлік азаматтардың жеке деректерін сақтауға және өңдеуге міндеттейді. 2016 жылы «LinkedIn» әлеуметтік желісі осы заңды бұзғаны үшін бұғатталды.

Серіктес жаңалықтары