301
Елді жаңғыртудың басты қозғаушы күші
Елді жаңғыртудың басты қозғаушы күші
«Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласындағы әл-Фараби аудандық филиалына қарасты, қатарында 450 мүшесі бар «Бедел» бастауыш партия ұйымы облыстық медицина академиясында алғашқы партиялық жиналысын өткізді.
«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы аясында партия съезі қарсаңында өткізілген жиналыс барысында партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасының негізгі ережелері талқыланды. Партия белсендісі, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жанат Нұржанбаева өзінің баяндамасында «Нұр Отан» партиясының Қазақстанның жетістіктеріндегі рөлі мен орны туралы айтты. «Партия тарихы тәуелсіз Қазақстанның дамуымен және жетістіктерімен тығыз байланысты. Біз партиямызды елді жаңғыртудың басты қозғаушы күші ретінде қарастырамыз. Партиялық іс-қимылдардағы барлық өзгерістердің алғашқы нәтижесі бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясының жаңғырту үдерістерінің басында екенін дәлелдейді. Біздің партиямыз – ХХІ ғасырдың заманауи саяси ұйымы», – деді ол.
Ал БПҰ мұшесі, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Шадияр Әшіров «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айта отырып, партия қазақстандық медицинаның ең жоғары әлемдік стандарттарға сай болуын және қазақстандықтардың денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибеге тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді қолдайтындығын алға тартты. «Партия отандық медицинаға үздік мамандарды тарту, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту, дені сау ұлттың қалыптасуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл бағыттар бойынша атқарылатын жұмыстарға бастауыш партия ұйымы да белсене қатысатын болады», – деді партия белсендісі.
Жиналыс соңында «Нұр Отан» партиясы әл-Фараби аудандық филиалының конференциясына «Бедел» Бастауыш партия ұйымынан делегаттар сайланды.