Жастар партия бағытын қолдайды

Жастар партия бағытын қолдайды

Жастар партия бағытын қолдайды
ашық дереккөзі
329
Павлодар облысындағы бастауыш партия ұйымдарының бірі – Ақсу қаласының «Еуроазиялық энергетикалық корпорациясында» БПҰ жиналысы өтті. Жиында «Еуроазиялық энергетикалық корпорациясында» БПҰ төрайымы Татьяна Носачева партия қалыптасуының тарихи кезеңдеріне егжей-тегжейлі тоқталып, бастауыш партия ұйымдары – елдің дамуы мен халықтың болашағы үшін жауапты болуға дайын миллиондаған қазақстандықтарды біріктіретін партияның іргетасы екенін атап өтті. Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы Мәдениет Омарғалиев өз  сөзінде «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі бағыттарын белгілеп, алдағы онжылдықтың басты мақсаттарын атап өтті.  Ал әлеуметтік  мәселелер жөніндегі маман Светлана Разакова және қазандық жабдықтарын жөндеу мен сынау жөніндегі инженер Ержан Смағұлов «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы және Жастар жылы қарсаңында пайда болған өз ойларын ортаға салды. Олардың айтуынша, кәсіпорын жастары Мемлекет басшысының партиялық бағытын толық қолдайды және қаланың бұқаралық мәдени және спорттық іс-шараларына белсене қатысады. Шара соңында «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалының конференциясына қатысу үшін бес делегат бірауыздан таңдалды.

Серіктес жаңалықтары