Қазақ мұрасы – ЮНЕСКО-да

Қазақ мұрасы – ЮНЕСКО-да

Қазақ мұрасы – ЮНЕСКО-да
ашық дереккөзі
728
ЮНЕСКО қазақтың «бие байлау», «айғыр қосу» және «қымыз мұрындық» жоралғыларын  адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы деп таныды. Бұл жоралғылар адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне 2018 жылғы 26 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Маврикий астанасы Порт-Луи қаласында  өткен Материалдық емес мәдени мұраны (МЕММ) қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитеттің 13-ші сессиясында «Қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі әдет-ғұрыптары» деген атпен енгізілді. Атап өту керек, Қазақстан ЮНЕСКО-ның осындай сессиясына тұңғыш рет  толыққанды мүше ретінде қатысып қайтты. Отандық делегацияның құрамында ЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі, МЕМ сарапшысы, Қызылорда облысының әкімдік өкілдері және «Ұлытау» қорық-мұражайының (Қарағанды облысы) директоры Бақтияр Қожахметов те болды. «Ұлытау» ұлттық қорық-мұражайының директоры Бақтияр Қожахметов: «Бие байлау», «айғыр қосу»   және «қымыз мұрындық» жоралғылары тұтас Қазақстанда тек Теріс­аққан ауылында сақталған.  «Ұлытау» қорық-мұражайы бұл жоралғыларды көздің қарашығындай сақтау ісіне 2011 жылдан кірісті. 2012 жылы аталған жоралғыларды «Терісаққан көктемі» фестиваліне айналдырдық. 2014 жылы сондай фестивалімізге Қазақ­стан Республикасының ЮНЕСКО жөніндегі Ұлттық комитет мүшелері Эмма Усманова мен Елена Хорош келіп көрді және оны ЮНЕСКО-ның  материалдық емес мәдени мұрасына қосуға болады деген ой айтып кетті. 2015 жылы ЮНЕСКО жөніндегі Ұлттық комитет төрағасы Ханзада Есенова бір топ комитет мүшелерімен келіп қатысты. Артынша Қазақстанның ұлттық материалдық емес ескерткіштері тізіміне енгізілді», – деді.

Серіктес жаңалықтары