Солтүстікқазақстандық жұмыртқаға сұраныс артты

Солтүстікқазақстандық жұмыртқаға сұраныс артты

Солтүстікқазақстандық жұмыртқаға сұраныс артты
ашық дереккөзі
353
Солтүстік Қазақстан облысында құс шаруашылығы тұрақты дамып келеді. Былтыр жұмыртқа өндірісі 16 пайызға артса, соның 74 пайызы экспортқа шығарылған. Солтүстік Қазақстан облысында қазір 10 шақты құс фабрикасы бар. Былтыр ондағы құс саны 8 пайызға артып, 4,6 миллионға жеткен. Жалпы, өңір жұмыртқа өндірісі бойынша елімізде үздік үштікке енеді. Солтүстік Қазақстанның үлесі республикада 14 пайызға тең. 2018 жылы облыста 809 млн дана жұмыртқа өндірілді. «Құс шаруашылығын одан әрі дамыту керек. Біздің өнім сұранысқа ие әрі бәсекеге қабілетті. Былтыр 2017 жылмен салыстырғанда жұмыртқа экспорты 74 пайызға артты», – деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов. Жалпы, былтыр СҚО-да жұмыртқа экспорты өсіп, облысқа 129 млн доллар көлемінде табыс әкелген.

Серіктес жаңалықтары