Сәбит Шорин: Халық мүддесін қорғайтын бірден-бір орталық

Сәбит Шорин: Халық мүддесін қорғайтын бірден-бір орталық

Сәбит Шорин: Халық мүддесін қорғайтын бірден-бір орталық
ашық дереккөзі
481
«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай өткізіліп жатқан съезд алдындағы конференцияларда осы аралықта атқарылған жұмыстарға сараптама жүргізілуде. Мемлекет басшысы айтқандай, «Нұр Отан» партиясы өзінің тілеулестерімен біріге отырып, халықтың мүддесін қорғайтын бірден-бір орталық болуы қажет. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауындағы мәселелерді шешуде барлық ұйымдар бір­ауыздан қолдап, ол жобалардың, бағдарламалардың жүзеге асуына аянбай еңбек етіп келеді. Мектеп оқушыларын сапалы тамақпен қамтамасыз ету жұмыстарына да көп көңіл бөлінуде. Олардың алып жатқан білімдерінің сапалы болуы үшін жан-жақты жаңа бағдарламалар қабылданып, IT технологиялармен жабдықталған кабинеттер ашылды. Аудан бойынша осы мәселелерге қатысты елеулі жұмыстар атқарылып жатыр. Бірнеше жаңа мектеп пен балабақша ашылды. Елдің демалыс күндері демалулары үшін орталық саябақты күрделі жөндеулерден өткіздік, көптеген ағаш түрлерін егіп, көгалдандыру жұмыстарын да қолға алдық. Өзім осы партияның мүшесі болғанымды мақтан тұтамын. Өзіме жүктелген барлық жұмыстарды уақытында орындап жатырмын. Атап өтетін болсақ, жетім балаларды әлеуеттік бейімдеу жұмыстарын жоғары деңгейде атқарып жүрміз. Алдағы өтетін съезде жоғарыда аталып өткен мәселелерді оңтайлы шешуде жаңа бағдарламалар қабылдайды деп сенім білдіреміз. Халқымыздың әлеуметтік жағдайын 30 алдыңғы қатарлы мемлекеттің деңгейіне жеткізуге бар күш-жігерімізді саламыз.  

Серіктес жаңалықтары