Ақпарат айдынындағы беделді басылым

Ақпарат айдынындағы беделді басылым

Ақпарат айдынындағы беделді басылым
ашық дереккөзі
324
Ширек ғасыр тарихы бар «Түркістан» халықаралық газеті – қоғамдағы өзекті мәселелердің, ұлттың рухани құндылықтарының  жаршысы болып келе жатқандығын жақсы білеміз. Қашан да халықтың сөзін сөйлеп көп дүниелерге бастамашы болғаны да рас. Тәуелсіздік алған алғашқы уақытта тұңғыш қазақ басылымдарының бірі болып  1994 жылы қаңтар айында небәрі 4 парақ болып жарық көргенін әлі білемін. Қолыма алып оқып отырып қуанғаным да рас. Сол «Түркістан», бүгінгі таңда қазақ баспасөзі айдынында беделді басылымға айналып, халықаралық дәрежеге көтеріліп отыр. Демография, тіл, дін, салт-дәстүр, қазақ халқының түркітілдес халықтармен ынтымақтастығы, қоғамдағы өзгерістер – барлығы басылымның беттерінен ешқашан түсіп көрген емес. Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов айтқандай «халықтың көзі, құлағы hәм тілі» болуды мақсат еткен басылым болашақта да алған бағытынан жаңылмай ел мүддесінен шыға беретініне кәміл сенемін. Қазақстанның ақпарат айдынында өзіндік ерекше орны бар газет ұжымына тек шығармашылық табыс тілей отырып, оқырмандар қатары  көбейе берсін дегім келеді.  

Ақылбек Күрішбаев,

С.Сейфуллин атындағы

Қазақ агротехникалық университетінің

ректоры, профессор

Серіктес жаңалықтары