Таланттар танылған кеш

Таланттар танылған кеш

Таланттар танылған кеш
ашық дереккөзі
680
Жуырда Алматы қаласы Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында «JAS TALANT – 2019» атты ән-би байқауы өтті. Аталған байқауды мектеп директоры Сарбагысов Асқар Темірханұлының қолдауымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында бастауыш сынып мұғалімі Жақсылыкова Әсел Берікқызы ұйымдастырды. Бұл байқаудың мақсаты – балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі әнімізді дәріптеп, би өнерінің кең ауқымда өрбуіне ат салысу, өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып, эстетикалық сана-түйсігінің терең қалыптасуына, ізгілік пен адамгершілікке баулу. Байқаудың міндеттері: балалардың бойында музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетілдіру, олардың шеберлігін шыңдау, дарынды оқушыларды бастауыш сыныптан анықтау, жастардың өнерге деген құштарлығын арттыру, сахна мәдениетіне үйрету. Өнер байқауы эстрадалық вокал және би өнері бойынша екі жанрда өтті. Байқауға 6-12 аралығындағы жас өнерпаздар қатысты. «JAS TALANT - 2019» атты сайысымызға «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының білікті ұстаздары: «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді даму гуманитарлық колледжінің педагог-хореографы, «Ерке-Наз» би ансаблінің жетекшісі Карибаева Самал Ержановна, педагог-музыкант, Республикалық деңгейдегі меркелік шаралардың қоюшы режиссері Айдарханбеков Елдос Алибекович қазылық етсе, осы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының аға тәлімгері Оспанов Олжас Тұрабайұлы мен бастауыш сынып мұғалімі Шахабай Ұлбала Мұханқызы байқаудың басты жүргізушілері болды. Байқаудың қорытындысы бойынша 6-12 жас аралығында бақ сынаған үміткерлер ішінен эстрадалық вокал және би өнері бойынша екі жанрдың бас жүлдесіне ие болған дарынды оқушылар: Қазақстанның халық жазушысы, «Әке сыры», «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің ауылдың қызы», «Сенің өзенің», «Оралдағы отты күн», «Аңыз ата», «Құрманғазы», «Күй дастан», «Жылдар, жылдар» поэмалардың авторы Ерғалиев Хамит ағамыздың немересі Ерғали Кәусар «Анашым, ана жаным» әнін айтып бас жүлдені иеленді. Би жанры бойынша бас жүлдені өзінің үздік «Лезгинка» би өнерімен 1 «Ә» сынып оқушысы Серік Амандос жеңіп алды.  width= Байқауға қатысқан барлық өнерпаздарға мектеп директорының алғыс хаттары табысталып, бағалы сыйлықтар берілді. Шара соңында мектеп директоры Сарбагысов Асқар Темірханұлы «JAS TALANT – 2019» атты өнер байқауының ұйымдастыру шараларына ат салысқан ата-аналар қауымына, байқаудың жоғары деңгейде өтуіне бір ай бойы күні-түні еңбек еткен бастауыш сынып мұғалімдері Жақсылыкова Әсел Берікқызына, Шахабай Ұлбала Мұханқызына, музыка пәнінің мұғалімі Мұратов Ринат Мұратұлына алғыс білдірді.  width=

Алматы қаласы, Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Ербошаев Ермек

Серіктес жаңалықтары