1937
Қоқысты қайта өңдеу
Қоқысты қайта өңдеу
Әлемде қоқысты кәдеге жарату бойынша Германия көш бастап тұр. Немістер қоқыстың 56,1 пайызын, яғни жартысынан көбін қайта пайдаға жаратады. Ал Ресейде қоқыстың тек 4 пайызы ғана өңделеді де, қалған 96 пайызы қоқыс күйінде жатады.
Сонымен, экология үшін алаңдап, қоқысты қайта өндіру бойынша көш бастап тұрған алғашқы бестік тізімі:
1.Германия – 56,1 пайыз;
2.Австрия – 53,8 пайыз;
3.Оңтүстңк Корея – 53,7 пайыз;
4.Швейцария – 49,7 пайыз;
5.Италия – 49,7 пайыз;
6.ЕО – 43 пайыз;
Биылдан бастап Қазақстанда тұрмыстық қалдықтар сұрыптап жиналуы тиіс. 2017 жылы қоқыстың 10 пайызы ғана қайта өңделген.