Ғылымдағы әйелдердің үлесін қалай арттыруға болады?

Ғылымдағы әйелдердің үлесін қалай арттыруға болады?

Ғылымдағы әйелдердің үлесін қалай арттыруға болады?
ашық дереккөзі
319
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімі бойынша 2016 жылғы 11-ақпаннан бастап Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні аталып өтіліп келе жатыр. Атаулы дата қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жас ғалым-педагогтарының ұйымдастыруымен қазақстандық мектеп оқушыларының арасында интеллектуалды байқау өтті. Бұл туралы университеттің Баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан хабарлады.  width= ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Кластерлік бюросының қолдауымен өткен сайыстың мақсаты – әйелдер мен қыз балалардың ғылымға толық әрі тең қол жеткізуіне және олардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, ғалым әйелдерге демеу көрсетуге, олардың ғылым мен техника салаларындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуын қолдауға бағытталған. Жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттыру орайындағы байқау жаратылыстану ғылымдары бағыты бойынша жүргізілді. Шараның ашылу рәсімінде ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат, Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының өкілі Илейн Конкиевич пен БҰҰ Хатшылығының Қоғамды ақпараттау департаментінің   өкілі Властимил Самек сөз сөйлеп, алғаш рет өткізіліп отырған байқаудың маңызы жайында әңгімеледі. Сонымен қатар жиын барысында әлемдік ұйымның өкілдері Валентина Рахимова «Жас ғалым әйелдердің тарихы», Кристинэ Товмасян «Ғылым және ғылымдағы әйелдер: стереотиптен арылу» тақырыптарында семинар жүргізді. Ал Наталья Ким «Биоалуантүрлілік», Арина Мясоед «Климат» және Ягшимурат Аннамурадов «Табиғи апаттар» сияқты 6 тематикалық «станциялар» бойынша мектеп оқушыларымен интерактивті сессиялар мен викториналық ойындар өткізді. Ойындарда ғылымның олардың күнделікті өмірде алар орны кеңінен қамтылған және еліміздегі экологиялық ахуалды шешу жолдары берілген. Осы орайда айта кетейік ғылым саласында әйелдер әлі күнге дейін түрлі қиындықтарға тап болып келеді. Әлемдік ұйымның өкілдері осылай деп пайымдайды.  Бұл тарапта арнайы зерттеу де жүргізіліпті. Мәселен, 14 мемлекетте жүргізілген сараптама ғылымдағы ер адамдар мен әйелдердің арасындағы теңгерімсіздікті көрсеткен. Сондықтан да ғылым саласында гендерлік теңдікті қамтамасыз етіп, қыздардың ғылыми жетістіктеріне бала кезінен қолдау көрсету қажет дейді мамандар. – Соңғы 15 жылда жаһандық ұйым нәзікжандыларды ғылымға көбірек тарту бойынша көптеген істер жүргізуде. Десе де бұл тарапта олардың қатары көбеймей отыр. Ресми мәліметтерге сүйенер болсақ, әлем бойынша ғалым әйелдердің үлес салмағы 28,4 пайызды құрайды. Олардың басым көпшілігі бакалавр және магистрлер. Ал PhD докторлардың саны айтарлықтай аз. Біздің міндет осыны арттыру, – дейді шара ұйымдастырушылары.

Серіктес жаңалықтары