337
Арыстанбек Мұхамедиұлы:Құнды жәдігерлерді жоғалтып алдық
Арыстанбек Мұхамедиұлы:Құнды жәдігерлерді жоғалтып алдық
«Қара археология» мәселесі І Петрге байланысты. Санкт-Петербург қаласын салған кезде қомақты қаражат қажет болды. Содан археологиялық топтар алтын бұйымдарды жинау үшін өңірлерге аттанды. Әрине, осы уақытта Қазақстандағы қорғандар ресми түрде тоналды.
Жеке тұлғалар археологиялық жұмыстарды жүргізу үшін лицензия ала алады. Себебі заңдағы норма өте жеңіл. Аталған заңдағы нормаға (Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау және пайдалану туралы» заң жобасы) ғылыми қызметкер қажет деген талапты енгіздік.
Ғалым Зейнолла Самашев 15 археологиялық топта жұмыс істейді. Ол өзі де 15 археологиялық топқа қалай кіріп кеткенін түсінбей отыр. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізетін жеке ұйымдар сайттан құжатты алған да оны тізімге қосып жіберген. Сондықтан археологиялық қазба жұмыстарын жүргізетін ұйымдарда ғылыми қызметкер жұмыс істеуі қажет деген талапты енгіздік. Осылайша, ғылыми қызметкерлердің қандай объектілерде жұмыс істеп жүргенін білеміз. Өкінішке қарай, бізде археологиялық жұмыстар нәтижесінде қандай жәдігер табылып жатқанына бақылау жоқ. Мысалы, жеке археологиялық экспедициялар қайда барғанын, жәдігерді қайда өткізгенін, оны қалай пайдаланып жатқанын білмейміз. Салдарынан құнды жәдігерлерді жоғалтып алдық. Заңда аталған мәселеге қатысты норманы күшейтіп, оған жол бермеу үшін бар күшімізді саламыз. Заңдағы нормаға археологиялық жұмыстарды музей арқылы жүргізілуі қажет деген талапты енгіземіз. Осылайша, музейдегі азаматтар археологиялық қазба жұмыстарын кімдер жүргізіп жатқанын бақылайды. Сондай-ақ біз аталған мәселеге жауапты құзырлы органды анықтауымыз қажет.