Кәсіп ашуға көрсетілер қолдау көп

Кәсіп ашуға көрсетілер қолдау көп

Кәсіп ашуға көрсетілер қолдау көп
ашық дереккөзі
385
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша республикалық акция бойынша қабылдау өтті. Қабылдау жүргізген «Даму» қоры, «Атамекен» ҰКП және Көкшетау қалалық әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің өкілдері көкшелік азаматтарға түсіндіру-насихаттау жұмысын жүргізіп, бірқатар сұрақтарына жауап берді. «Акцияның мақсаты – «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетудің тетіктері мен талаптары туралы халық арасында кеңестік түсініктеме жұмыстарын ұйымдастыру және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдармен, институттармен азаматтарға, шағын және орта бизнес өкілдеріне ашық сұхбат алаңын ұсыну», – деді «Атамекен» ҰКП Ақмола облысы бойынша филиалының бизнес тренері Дәуренбек Жүсіпов. Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні барысында кәсібін жаңадан бастағалы жүрген облыс тұрғындары жеке бизнесті ашу, несиенің пайыздық өсімі, іскер қауым өкілдеріне жер телімдерін бөлу және кәсіпкерлікті қолға алу үшін несие алу мәселелері төңірегінде сұрақтар қойып, нақты жауап алды. Жалпы, бұл күні облыс бойынша өткен акция барысында партияның қоғамдық қабылдауына 200-ге жуық адам өтініш білдіріп келген.

Серіктес жаңалықтары