283
Sankei.com: Жапония сағатына 360 км жылдамдықпен жүретін пойыз ойлап тапты
Sankei.com: Жапония сағатына 360 км жылдамдықпен жүретін пойыз ойлап тапты
«JR East» компаниясы жаңа «ALFA-X» жүрдек пойызының прототипін көрсетті. Пойыз құрамы 10 вагонға есептелген. Мұндағы басты жаңа енгізілім – пойыз «тұмсығы» ұзындығының 22 метрге жетуі. Бұл жаңа құрастырылым қажетті жылдамдықты қамтамасыз етіп және салондағы жолаушылардың тыныштығын сақтауға, сондай-ақ, тоннельдердегі қысымды төмендетуге әсер етуі тиіс. Құрамды әзірлеушілер мұнымен тоқтап қалмақ емес. Олар сынақ кезінде жылдамдықты сағатына 400 шақырымға жеткізуді жоспарлап отыр.