CNN: Италияда ауылға көшкендерге 10 мың доллар төленеді

CNN: Италияда ауылға көшкендерге 10 мың доллар төленеді

CNN: Италияда ауылға көшкендерге 10 мың доллар төленеді
ашық дереккөзі
247
Италияда ауылды жерге көшкендерге он мың доллар төленіп, әр бала үшін мың доллар беріледі, сонымен қатар оларға үй небары 1 долларға сатылады. CNN басылымының жазуынша, бұл әрекет тұрғындар саны азайып бара жатқан ауыл өмірін қайта жандандыру үшін жасалып отыр. «Италияның Франция және Швейцариямен шекарасындағы Пьемонт ауданының Локана коммунасының әкімшілігі осы елді мекенге көшіп келгісі келетін отбасыларға үш жыл бойы 10 200 АҚШ долларын төлеп тұруға және 6 000 евро жылдық жалақы беруге дайын. Бұл жердің тұрғындар саны 1900 жылдары 7000 адамды құраса, қазір мұнда 1500 адам ғана қалған. Ал мектеп жылда бірнеше оқушы ғана оқитындықтан, жабылуға шақ қалған», – деп жазады басылым. Автордың айтуынша, Локана тұрғындарды қажет ететін жалғыз елді мекен емес. «Италияның Швейцариямен шекарасында 320 тұрғыны бар тағы бір елді мекен бар. Бұл таулы аймақтан үлкен үйлерді 1 евроға сатып алуға болады. Бұл жердің билігі де көшіп келгісі келетін халыққа ақша төлеуге бекініп отыр. Бұл елді мекен жойылып бара жатқан екі ауылдың бірігуінен пайда болған және билікте инвестиция өте көп болғанымен, оны жұмсайтын жастар аз. Сол себепті бұл жерде әр жаңа туған балаға мың евро төленеді, ал өз кәсібін бастағысы келетіндер екі мың евро алады», – дейді автор.

Серіктес жаңалықтары