2041
RIA.RU:Германия ауаны тазарту үшін ауқымды шаралар қабылдауда
RIA.RU:Германия ауаны тазарту үшін ауқымды шаралар қабылдауда
Германияның қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметінше, елдің 70 қаласында ауаның ластану көрсеткіші Еуроодақта белгіленген мөлшерден бірнеше есе асып тұр. Ауасы ең лас шаһарлар – Мюнхен, Штутгарт пен Кёльн.
Ауаны тазарту үшін мемлекет қатал шаралар қабылдаған. Ірі қалалардың орталығына ескі дизель көліктерімен кіруге шектеу қойылған. Қазір бұл тізімде Штутгарт пен Гамбург бар, биыл олардың қатарына Майнц, Кёльн мен Берлин қосылмақ. Ережені бұзғандарға айыппұл мөлшері – 25-80 еуро.
«Тұтынушылар дизель көліктерінен айнып, бензинмен жүретін темір тұлпарларды жиі сатып алатын болды. Алайда біздің мақсатымыз бәрін электрокарларға отырғызу. Германияда ескі дизель көліктерінің иелері оны жаңаға ауыстырып, сыйақы алуына мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, электр көлігін сатып алғандарға 4 мың еуро мөлшерінде сыйақы белгіленген. Бұл оның бағасын арзандатып, жұртты электрокар сатып алуға ынталандырады. Үкімет 2020 жылға дейін электр көліктерінің санын 1 миллионға жеткізуді жоспарлап отыр», – дейді «VCD» автоклубының жол саясаты бойынша сарапшысы Герд Лоттзипен.
Сонымен қатар, 2018 жылдың аяғында Германияда соңғы көмір шахтасы жабылды, ал 2038 жылға дейін отынның осы түрінен толығымен бас тарту көзделіп отыр. Бұл жоспар біртіндеп жүзеге аспақ, өйткені бүгінде елдегі электр қуатының 40 пайызы көмірден өндіріледі. Мұндағы мақсат – ауаның ластануын азайту және бүкіл энергияны баламалы қуат көздерінен алу.
Сондай-ақ Краков қаласының (Польша) әкімшілігі де үй жылытуға көмір мен ағаш отынды пайдалануға тыйым салуды көздеп отыр.