389
Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқарады
Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқарады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 70-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі жайлы жарлыққа қол қойды.
Құжатта Үкіметтің отставкасын қабылдау, Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқаруды Асқар Маминге жүктеу және жаңа құрам жасақталған уақытқа дейін Үкімет мүшелерінің өз қызметтерін жалғастыру қажеттігі айтылған. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
2.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелсін.
3.Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
4.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті: Н.Назарбаев