Science Daily: Смартфонға қарай беру – эволюцияның әсері

Science Daily: Смартфонға қарай беру – эволюцияның әсері

Science Daily: Смартфонға қарай беру – эволюцияның әсері
ашық дереккөзі
622
«Достарыңмен немесе отбасыңмен әңгімелесіп отырғанда да қолыңнан смартфон түспей ме? Америкалық ғалымдардың зерттеуіне сенсек, бұл эволюцияға байланысты екен», деп жазады басылым.   Аризона университетіндегі психология ғылымдарының профессоры Дэвид Сбарр бастаған бір топ ғалым смартфонның адамдар арасындағы коммуникацияға әсерін зерттеп көрген. Ғалымдардың айтуынша, таныстарымен әңгімелесіп отырғанда да смартфонға көңіл бөліп, қайта-қайта телефонға қарай беруге эволюцияның да әсері бар. «Адамдар басқалармен үнемі байланыста болғысы келеді. Эволюция барысында адам да отбасымен немесе достарымен тығыз байланыста болуға тырысады. Бұл бұрындары индивидтің немесе биологиялық түрдің өз өзін сақтап қалуға талпынысынан туған», деп жазылған мақалада. Зерттеу авторларының айтуынша, бүгінде смартфон адамдар арасындағы ұдайы байланыс құралына айналған. «Адамның смартфонға қарай бергісі келетіні мидағы ескі бағдарламаларға байланысты. Бұл адамның аман қалуға деген ниетінің генде сақталып қалғандығының белгісі», деп жазады автор. Оның айтуынша, смартфон мен әлеуметтік желі ақпарат алуға және басқалармен байланыста болуға, айналасындағылардың өмірі туралы білуге мүмкіндік береді. Дегенмен, виртуалды байланыс шынайы қарым қатынасқа нұқсан келтіретінін ұмітпаған жөн», дейді ғалымдар.

Серіктес жаңалықтары