Өзбекстан үкіметі Pepsi компаниясындағы үлесін сатпақ

Өзбекстан үкіметі Pepsi компаниясындағы үлесін сатпақ

Өзбекстан үкіметі Pepsi компаниясындағы үлесін сатпақ
ашық дереккөзі
499
Өзбекстан үкіметі Pepsi, Zip, 7up, Adrenaline Rush, Lipton және Mirinda сауда белгілерін басқаратын "International Beverages Tashkent" компаниясындағы акция пакетін сатпақ. Бұл ел президентінің қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды  centralasain.org. ӨР Статистика жөніндегі комитеттің мәліметі бойынша, мемлекеттік активтерді басқару агенттігіне аталған компанияның 24 пайызы тиесілі, қалған 76 пайызына Holten Group Corp. компаниясы иелік етеді. "International Beverages Tashkent" компаниясы 2011 жылы құрылған. Осыған дейін мемлекет Coca-Cola-дағы үлесін сатады деп хабарланған. "Былтыр қаржы министрлігінде қайта құрылымдау және даму жөніндегі еуропалық банк, The Coca-Cola Company (АҚШ) мен Coca-Cola Beverage (Түркия) өкілдерімен келіссөз жүрген. Еуропалық банк Өзбекстанға стратегиялық инвесторлар тартуға көмектеседі" делінген хабарламада.  

Серіктес жаңалықтары