Ханойда АҚШ-КХДР саммиті басталады

Ханойда АҚШ-КХДР саммиті басталады

Ханойда АҚШ-КХДР саммиті басталады
ашық дереккөзі
697
Вьетнам астанасы Ханойда АҚШ пен Солтүстік Кореяның екінші саммиті өтетін болады. Осыған орай шаһарда қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды  «Хабар 24». АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның қатысуымен өтетін шараға Солтүстік Кореядағы қауіпсіздік қызметтің 100-ге жуық маманы келді. Олар Ким Чен Ын орнығатын конақүйге қарай аттанды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, тараптар Корей түбегін ядролық қарудан азат ету келісімінің орындалуы мен аймақтағы қауіпсіздік мәселесі кеңінен талқыланатын болады. Естеріңізге салайық, тараптардың алғашқы саммиті өткен жылдың жазында Сингапурде өткен.

Серіктес жаңалықтары