Нью-Йоркте қазақ әндері шырқалды

Нью-Йоркте қазақ әндері шырқалды

Нью-Йоркте қазақ әндері шырқалды
ашық дереккөзі
288
Нью-Йоркте «West Park Music Festival» дәстүрлі музыкалық фестивалі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Биыл қатысушылар арасында «Nomadic Soul» атты жаңа өнер ұжымы да бар. Бұл – отандасымыз Берік Құлмамыров құрған топ. Олар айтулы шараға алғаш рет қатысып, әуезді әндерімізді орындады. Бір ерекшелігі, топ мүшелері – америкалық поп-орындаушылар. Арасында бірде-бір қазақстандық болмаса да, қазақша ән шырқайды. Жетекшілері Берік Құлмамыров өнер ұжымын бұл фестивальге арнайы дайындаған. Сөйтіп шығармашылық тұрғыда ерекше қырынан танылды. Айта кетейік, бұған дейін отандасымыздың Америкада ұлы дала еліне арнаған музыкалық жинағы жарық көрген болатын. Беріктің мақсаты – Қазақстандағы заманауи ән өндірісін әлемге таныстыру әрі америкалық нақышқа ұқсас тұстарын көрсету. Айта кетейік, қазақ қызы жайлы жазылған «She is Kazakh girl» әні көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Оны орындаған америкалық бойжеткен де көрерменннің ыстық ықыласына бөленді. Топ жаз шыға қазақ музыкасының арнайы концертін өткізуді жоспарлап отыр. «Оған отандық өнер шеберлері қатысады», – дейді жоба жетекшісі.  

Серіктес жаңалықтары