379
Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды
Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды
Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Осыған дейін, Шүкеев ауыл шаруашылығы министрі және премьер-министрдің орынбасары қызметін қоса атқарған. Оның орнына бұрынғы Мәжіліс депутаты Сапархан Омаров тағайындалды.
Өмірзақ Естайұлы Шүкеев 53 жаста. Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау жанындағы АӘК ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері; ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі; ҚР Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинеті Қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары; ОҚО әкімшілігі басшысының орынбасары. Әр жылдары ҚР Экономика министрі; ҚР Экономика және сауда министрі; ҚР премьер-министрінің орынбасары; "Банк Туран-Әлем" ЖАҚ Басқарма төрағасы болды"; ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
Әр жылдары Қостанай облысының әкімі, Астана қаласының әкімі және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2007 жылдың тамыз айында Шүкеев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын (ҰӘҚ) басқарды.