АҚШ Усама бен Ладеннің ұлы қайда екенін хабарлаған адамға 1 млн доллар уәде етті

АҚШ Усама бен Ладеннің ұлы қайда екенін хабарлаған адамға 1 млн доллар уәде етті

АҚШ Усама бен Ладеннің ұлы қайда екенін хабарлаған адамға 1 млн доллар уәде етті
ашық дереккөзі
255
АҚШ билігі «Әл-Қаида» лаңкестік ұйымы басшыларының бірі саналатын Хамза бен Ладеннің қайда екенін хабарлаған адамға 1 млн доллар сыйақы беруге уәде етті. Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. «Кем дегенде 2015 жылдың тамызынан ол интернетте өзінің ізбасарларын АҚШ және оның батыстағы одақтастарына шабуыл жасауға шақырған аудио- және видеохабарламалар таратқан», - делінген онда. Хамза бен Ладен америкалық әскерилер өлтірген әкесінің кегін қайтарамын деп қоқан-лоққы жасаған.

Серіктес жаңалықтары