Түркістанда «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» атты көрме өтті

Түркістанда «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» атты көрме өтті

Түркістанда «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» атты көрме өтті
ашық дереккөзі
2796
Бүгін Түркістан қаласында «Ұлттық қолөнер – Ұлы мұра» атты қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған іс-шараға қатысушылар «Ұлы даланың мұрасы» атты қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесін тамашалады, деп хабарлайды  otyrar.kz. Көрменің басты мақсаты – ұлттық қолөнерді дамыту, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, олардың жасаған бұйымдарын халық арасында кеңінен насихаттау, жас әрі дарынды қолөнершілерді анықтау. Сонымен қатар аймақта туризмді дамытуға ықпал ету. Бабадан қалған қолөнерді ұрпақ санасына сіңіріп, кәсіп ретінде дамыту. Мерекенің негізгі бөлігі «Есімхан» алаңында жалғасты. Онда «Ұлттық қолөнер» шеберлерінің еңбегін сипаттайтын бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, БАҚ өкілдері, көрме қонақтары мен барлық аудан, қаладан қолөнер шеберлері қатысты. Олар жастарға білгендерін үйретіп, тәжірибе алмасты. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр жұртшылықты Алғыс айту күнімен және қолөнер шеберлерінің көрмесінің ашылуымен құттықтады

Серіктес жаңалықтары