868
«Эйр Астана» Үндістанға балама бағдар арқылы ұшатын болды
«Эйр Астана» Үндістанға балама бағдар арқылы ұшатын болды
«Эйр Астана» Үндістанға балама бағдар арқылы ұшатын болды. Бұл жайында ақпарат ҚР ИИДМ Азаматық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Эйр Астана"әуе компаниясы Пәкістан азаматтық авиация басқармасының ақпаратына сәйкес, аталған елдің әуе кеңістігі 2019 жылдың 4 наурызына дейін жабық болатындығын хабарлайды. Туындаған ахуалды шешу мақсатында "Эйр Астана" Үндістанға бару-келу ұшуларын орындау үшін жанармай құюға Оман корольдігіне қону арқылы балама бағдар келісіміне қол жеткізді", -деп атап өтеді комитеттен.
Комитет мәліметінше, балама бағдар 2-5 наурыз аралығында қолданыста болады.
"Ұшу ұзақтығы Алматы-Дели бағытында 9 сағат 15 минутты және Дели-Алматы бағытында 9 сағат 25 минутты құрайды. Бірінші КС907 рейсі бүгін, 2 наурызда сағат таңертегі 9-30-да ұшты. Ендігі рейстер туралы ақпараттар www.airastana.com сайтында қолжетімді немесе компанияның сall орталығынан мына телефон арқылы білуге болады: +77272444477", - деп атап өтеді ведомстводан.