510
КХДР тұрғындары ағаш егу мерекесін атап өтті
КХДР тұрғындары ағаш егу мерекесін атап өтті
Корей Халықтық-Демократиялық Республикасының тұрғындары сенбі күні «Сиксуджоль» (корей тілінен аударғанда ағаш отырғызу деген мағына білдіреді) ұлттық мерекесін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кореяның Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап.
Көшет отырғызу рәсімі елде кең көлемде ұйымдастырылды. Оған ондаған мың адам қатысты. Мереке барысында 2,8 млн ағаш егілді.
1946 жылдан бері Солтүстік Кореяда жаппай ағаш отырғызу шаралары дәстүрлі түрде өткізіледі. Ғалымдардың атап өтуінше, жүздеген мың ағаш егу экологияны жақсартып, құмды дауылдарды азайтады.