956
Сауд Арабия Хамза бин Ладенді азаматтығынан айырды
Сауд Арабия Хамза бин Ладенді азаматтығынан айырды
Сауд Арабия билігі "Әл-Кайда" террористік тобының бұрынғы лидері, 2011 жылдың мамыр айында Пәкістанда америкалық арнайы операция тарапынан өлтірілген Усама бин Ладеннің ұлы Хамза бин Ладенді азаматтығынан айырды, деп хабарлайды centralasian.org.
Сауд Арабия ІІМ тиісті жарлығы өткен жұма күні үкіметтің ақпарат құралдарында жарияланды.
АҚШ мемлекеттік департаменті бейсенбі күні Хамза бин Ладеннің тұратын жері туралы ақпарат айтқандарға, 1 млн доллар сыйақы беретінін жариялады. АҚШ оны "Әл-Кайданың" қазіргі басшысы деп санайды.