Ұлы кезеңдердің мұрағатын көздің қарашығындай сақтауымыз тиіс

Ұлы кезеңдердің мұрағатын көздің қарашығындай сақтауымыз тиіс

Ұлы кезеңдердің мұрағатын көздің қарашығындай сақтауымыз тиіс
ашық дереккөзі
453
Халқымыздың тарихи-мәдени құжаттық мұралары баға жетпес құндылықтардың әлеуеті екені рас. Еліміздегі ғасырлар қойнауынан жеткен мұрағат қорының байлығы  -  тарихи  деректерді сақтау ісі өте маңызды міндеттердің бірі.  Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Архив-2025» бағдарламасын жасау қажеттігін атап өтті. Онда ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне іргелі зерттеулер жүргізуге жол ашылады. Осы мақсатта Алматыда «Орталық мемлекеттік архиві» Республикалық Мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  электрондық Е-мұрағатты талқылау бойынша «Электронды құжаттардың бірыңғай мұрағаты» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты архивтердегі құнды құжаттарды электронды мұрағатқа оңтайлы түрде көшіру және бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қол жеткізудің мәселелерін шешу. Аталмыш шараға Кино-фото құжаттар мен дыбыс тасбалар орталық мемлекеттік архиві, Ғылыми-техникалық құжаттар орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік архиві,  Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты Республикалық мемлекеттік мекемелерінің басшылары және архив ісінің мамандары қатысты. Жиын барысында мамандар мемлекеттік маңызы бар құжаттарды бірыңғай электронды жүйеге енгізудің түпкі мақсаттарын, ақпаратты сақтау және реттеудің оңтайлы жолдарын қарастыру бойынша кеңінен талқылады.  width=   Дөңгелек  үстел барысында сөз алған Орталық мемлекеттік архиві   директорының міндетін атқарушы  Арнұр Қарымсақов:   «1 млн. 300 мың ісі бар Орталық мемлекеттік мұрағат елдің ең ірі көппрофильді мұрағаты, республикадағы жалғыз кеңес заманына дейінгі тарихи құнды, мемлекеттік маңызы бар құжаттардың қазынасы осы архивте сақталғанын айрықша атап айтты. Мұрағат қорындағы 110 істің 17-сі революцияға дейінгі кезеңге жатады, қалған қорлар кеңестік және қазіргі кезеңдер. Заман талабына орай,  құжаттық дереккөздердің толыққанды кешенін сақтау және оларды жан-жақты пайдалану барысында сандық жүйеге енгізу маңызды болып отыр. Мұның артықшылығы кейбір сирек қолжазбалардың ұзақ сақталуына мүмкіндік беріледі» – деп   атап өтті. Атап айтатын болсақ,  Орталық мемлекеттік архив қорында шетелдік мұрағаттардан келіп түскен Қазақстан тарихы құжаттарының көшірмелерінің күні - 1585 ж. қойылған және олар Арта Азия мемлекеттерінің Ресеймен дипломаттық және басқа байланыстары тарихын айғақтайтын құнды деректер бар. Мұрағат қорларының аса құнды бөлігін қазақ халқының Сырым Датов, Жоламан Тіленшиев, Исатай Тайманов, Жанқожа Нұрмұхамедов, сұлтан Кенесары Қасымов сынды батырлар көтерілісінен бастап, 1916 жылғы көтеріліспен аяқталатын халық-азаттық қозғалысы бойынша құжаттардың бірі екені даусыз. "InesSoft" компаниясы жобасының жетекшісі Әлия Мұстафина құнды құжаттардың қазынасын  сандық жүйеге енгізудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ,  кез-келген азамат архив дереккөздерін бірегей электрондық қор арқылы қашықтықтан қол жеткізе алатын болады.  "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында енгізілу үстінде. Осыған байланысты электрондық құжаттардың бірыңғай мұрағаты құрылатын болады. Бұл құжат айналымының электрондық жүйесі, Е-лицензиялау жүйесі, электрондық үкімет, порталдар және т.б. яғни, бұл қазір электронды түрде сақталмақ. Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі электрондық құжаттардың бірыңғай мұрағатын бастаған болатын. Ағымдағы жылдың басынан бастап аса маңызды мұрағаттық құжаттарды цифрландыру жоспарланып отыр. Электрондық мұрағатқа түрлі үлгідегі электрондық құжаттар жүктелуі мүмкін. Құжаттар кез келген форматтарда жүктеледі. Бұл ретте, автоматты түрде ұйымға орнатылған стандартты пішімге түрлендірілуі мүмкін. Қағаз түріндегі қолжазбалардың мұрағаттарымен салыстырғанда олардың электрондық аналогы деректерді енгізу бойынша анағұрлым ыңғайлы. Қазіргі таңда жылына мемлекеттік  мұрағаттардың оқу залы арқылы 1 миллионға жуық тарихи жазба деректер қолға беріледі екен. Мұрағаттар осындай тарихи құндылықтарды айғақтайтын құжаттарды тек сақтап қана қоймай, ата-бабамыздың әулеттік шежіресі сақталып, өткен өмірдің айнасымен толықтай танысуға мүмкіндік береді.   ҚР азаматтарына барлық мәселелер бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы кеңес бере отырып, қазақстандықтардың жеке мәліметтеріне үшінші тұлғаларға кіруге мүмкіндік ашылады. Бір сөзбен айтқанда, құжат айналымындағы архив деректерін алу анағұрлым тиімді болмақ.  

Серіктес жаңалықтары