325
Медициналық сақтандыру қорына өткен айда қанша жарна түсті?
Медициналық сақтандыру қорына өткен айда қанша жарна түсті?
Өткен айда Медициналық сақтандыру қорына 7,6 млрд теңгеден астам жарна түсті.
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 28 ақпанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 149,2 млрд теңгені құрады.
Оның 140,5 млрд теңгесі (шамамен 94,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге (5,8% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.