АҚШ-та жойқын құйыннан 23 адам қаза тапты

АҚШ-та жойқын құйыннан 23 адам қаза тапты

АҚШ-та жойқын құйыннан 23 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
307
АҚШ-тың Алабама штатының Ли графында жойқын құйыннан кейін кем дегенде 23 адам қаза тапты, олардың ішінде балалар да бар, деп хабарлайды tengrinews.kz Reuters-қа сілтеме жасап.   Құтқарушылар іздеу жұмыстары әлі аяқталмағанын және қаза тапқандардың саны ұлғаюы мүмкін екенін айтты. Жергілікті шерифтің сөзінше, осыншама қираған жерді ол бұрын-соңды көрмеген. Көршілес тұрған Джорджияда да ағаштар тамырымен бірге ұшып кеткен. Оған қоса электр қуаты 21 000 тұтынушыда жоқ. АҚШ Президенті Дональд Трамп жергілікті тұрғындарға сақ болу керектігін айтты. Дәрігерлердің айтуынша, олардың көмегіне 40 адам жүгінген. Алабама штатының басшысы осыдан кейін де қолайсыз ауа райы болатынын ескерткен екен. Мектептерде сабақтар тоқтатылған. Электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары