284
Айына 42 мың теңге - Көпбалалы отбасыларға берілетін пәтердің құны
Айына 42 мың теңге - Көпбалалы отбасыларға берілетін пәтердің құны
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов көпбалалы отбасыларға берілетін пәтерлерге қойылатын шарттарды атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Комитет басшысы әкімдікте кезекте 487 мың адамның тұрғанын айтты. Оның 28 мыңы - көпбалалы аналар.
«Пәтердің бағасы шамамен 8,4 миллион теңге, аумағы - 60 шаршы метр. Шаршы метріне 140 мың теңге», - деп мысал келтірді Мархабат Жайымбетов үкіметтегі баспасөз мәслихаты барысында.
Оның айтуынша, бұл бағдарламаны 2019 жылдың екінші жартысында жүзеге асырмақ. Аз қамтылған және көпбалалы отбсыларға барлығы 42 мың пәтер беріледі.
«Пәтер 8 миллион теңге тұрса, 800 мың теңгені тұрғын үй сертификаты арқылы өтей алады. 19 жылға екі пайыз: айына 42 мың теңгеден шығады, сосын келесі жылдары шамамен тоғыз жыл бойы 27 мың теңгеден шығады», - деп есептеді Жайымбетов.