426
Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді
Ақтауға қоқиқаздар ұшып келді
200-ге жуық экзотикалық құс шаһар маңындағы Қаракөл аумағына аялдаған. Қаракөл – «Қызыл кітапқа» енгізілген қанаттылар тұрақтайтын мекен. Сондықтан да бұл аумақ табиғат қорғау инспекторларының жіті бақылауында, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мамандардың айтуынша, қызғылт түстес, ірі денелі құстар, негізінен тропикалық елдерде ұя салады. Ал наурыз-сәуір айларында Маңғыстауға ұшып келеді.
«Қоқиқаздар осы жерде тынығып, демалып болғаннан кейін Маңғыстаудан да ыстық Түркіменстан, Иран жаққа қарай ұшып кетеді. Қазір мұнда қоқиқаздармен қатар көкқұтандар бар. Қаракөлде биыл қыста екі мың аққу, төрт мыңға жуық үйрек тұқымдас құс қыстап шықты», – дейді эколог Кирилл Осин.