Көпбалалы отбасылар Алматының қай ауданынан үй ала алады

Көпбалалы отбасылар Алматының қай ауданынан үй ала алады

Көпбалалы отбасылар Алматының қай ауданынан үй ала алады
ашық дереккөзі
288
Көпбалалы отбасыларға Алматының қай ауданынан үй бұйыратыны белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы есеп бөлімінің басшысы Ермек Әміров айтты. Қала әкімінің биылғы есепті кездесуінде «Бақытты отбасы» әлеуметтік бағдарламасы жүзеге асатыны жайлы айтылған болатын. Бағдарлама аясында отбасылар 10% алғашқы жарнамен 18 жылға 2%-бен пәтер алатын болады. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1 млн теңгенің сертификаты беріледі. «Бұл бағдарлама жасалып, аяқталып қалды. Жақын күндері толық жарияланады. «Бақытты отбасы» бағдарламасы қала әкімдігі мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің көмегімен көпбалалы отбасыларды қолдауға арналған», - деді Ермек Әміров. Ол ҚР Заңнамасына сәйкес көпбалалы отбасына 4 баладан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар жататынын ескертті. Қазір үй алу кезегінде 1276 отбасы тұр. «Бұл бағдарлама бойынша мұқтаж отбасылар қаланың кез келген нүктесінен құны 15 млн теңге көлеміндегі үйді ала алады. Әкімдік әр отбасыға 1 млн теңге көлемінде сертификат бөледі», - деді  Ермек Әміров. Оның айтуынша, баспана алу процедурасы eGov  электронды порталында ашық жүргізіледі.  

Серіктес жаңалықтары