2175
Science Daily: Солтүстік Мұзды мұхит 20 жылдан соң мұзсыз қалады
Science Daily: Солтүстік Мұзды мұхит 20 жылдан соң мұзсыз қалады
Тынық мұхиттағы температураның артуына байланысты Солтүстік Мұзды мұхиттағы мұз ғалымдар болжағаннан ертерек еритіні анықталды. «Science Daily» басылымының жазуынша, қыркүйек айында Солтүстік Мұзды мұхиттағы мұз көлемі минимумға жеткен. Бұған дейін ғалымдар жаһандық жылыну жылдамдығы тұрақты болса, 2050 жылы бұл мұхитта мұз толығымен еріп кететінін болжаған еді. Ал «Geophysical Research Letters» ғылыми журналында жарияланған жаңа зерттеу нәтижелеріне сенсек, Солтүстік Мұзды мұхиттың мұзсыз қалатын уақыты алыс емес. «Ғалымдар мұз қабатындағы өзгерістерді зерттеп, Тынық мұхитындағы температура қазіргі жылдамдықпен өсетін болса, Солтүстік Мұзды мұхитындағы мұз 2030-2040 жылдар аралығында толығымен еріп кететінін анықтады», – деп жазылған мақалада.