300
Асылжан Мамытбеков қызметінен босатылды
Асылжан Мамытбеков қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Өкімдерімен Асылжан Мамытбеков Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мұның алдында Мамытбеков Қостанай, ОҚО, Астана қаласы әкімдерінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2007-2008 жылдар аралығында премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2008-2011 жылдар аралығында "ҚазАгро" холдингінің басшысы болған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарған.