380
Шығыс Қазақстанда 11 адам қызылша жұқтырған
Шығыс Қазақстанда 11 адам қызылша жұқтырған
Шығыс Қазақстанда екі ай ішінде 11 адам қызылша дертіне шалдықты, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Қызылша белгілері Аягөз, Тарбағатай, Шемонаиха аудандары мен Семей қаласының тұрғындарынан анықталып отыр. Бұл туралы ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мәлімдеді. Он бір адамның төртеуі егілді. Дәрігерлердің пікірінше, аурудың таралуы халықтың көшіп-қонуымен байланысты. Яғни тұрғындар инфекцияны басқа өңірлерден әкелген болуы мүмкін. Қазіргі уақытта барлық пациенттер емдеуден өтіп, стационардан шықты.