Әлемдегі ең қарт адам Жапонияда тұрады

Әлемдегі ең қарт адам Жапонияда тұрады

Әлемдегі ең қарт адам Жапонияда тұрады
ашық дереккөзі
2213
Жапония тұрғыны Канэ Танака Гиннестің рекордтар кітабына жаһанның ең қарт тұрғыны ретінде енді. Ол барлығы 116 жыл 66 күн өмір сүрген, деп хабарлайды  ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Жапония тұрғыны Фукуока қаласындағы қарттар үйінде тұрады. Сенбі күні оған абыройлы атақты ресми тапсыру рәсімі өтті. Әйел болса бұл жағдай оның өміріндегі ең қуанышты сәт екенін айтты. Танака 1903 жылдың 2 ақпанында туған. Оның күйеуі мен үлкен баласы Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болған. Қарт өмір бойы күйеуі екеуі бірге ашқан, күріштен дайындалған моти шелпектерін сататын дүкенде жұмыс істеген. 1970 жылдары зейнетке шыққан ол бірнеше мәрте шетелде - АҚШ-та болған. 2005 жылдан бері Танака Фукуока қаласындағы қарттар үйінде тұрады.  Ол ерте тұрғанды және үстел үстіндегі ойындарды ұнатады. Сондай-ақ тәттіге де құмар. 103 жасында ол қатерлік ісікке операция жасатқан. Содан бері денсаулығына шағымданбаған. Айта кететін мәселе, жер шарының осыған дейінгі ең қарт тұрғыны да жапониялық болатын. Тиё Мияко өткен жылы 117 жасында қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары