Қостанай облысында 5 қабатты үй өртеніп, бір адам көз жұмды

Қостанай облысында 5 қабатты үй өртеніп, бір адам көз жұмды

Қостанай облысында 5 қабатты үй өртеніп, бір адам көз жұмды
ашық дереккөзі
285
Лисаков қаласындағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 11 наурыз күні сағат 20:20-да Қостанай облысы ТЖД өртке қарсы қызмет пультіне  Лисаков қаласындағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны  туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер автосаты арқылы 5 адамды құтқарды. Тағы 20 адам эвакуацияланды.   Оның ішінде төртеуі  бала. «Өрт сағат 22:15-те толығымен сөндірілді. Оқиға орнында 1968 жылы туылған ер адамның мәйіті табылды. 3 қабаттағы пәтерде 1923 жылы туған әйелге иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді. Өрттің алдын ала себебі - темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдалану», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында. Өрт сөндіруге Қостанай облысы ТЖД жеке құрамынан 14 адам және 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.  

Серіктес жаңалықтары