ҰЛЫ ДАЛА ӨНІМІ АСПАН АСТЫ ЕЛІНДЕ

ҰЛЫ ДАЛА ӨНІМІ АСПАН АСТЫ ЕЛІНДЕ

ҰЛЫ ДАЛА ӨНІМІ АСПАН АСТЫ ЕЛІНДЕ
ашық дереккөзі
271
Жуырда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы Қытай Халық Республикасына сапарлап қайтты. Министрлік өкілдері Пекин қаласында ҚХР Бас кеден басқармасымен келіссөздер жүргізді. Екі елдің ветеринарлық және фитосанитарлық қызметтерінің кездесуі кезінде 17 бағыт бойынша Жол картасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. ҚР агро-өнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында фитосанитариялық талаптар, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдермен күресу әдістері мен тәсілдері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу жолымен қолайлы фитосанитариялық ахуалды сақтауға АШТӨ-ні ынталандыру жөніндегі шаралар кешені әзірленетін болады» делінген. Осы жоспар өз жемісін беріп, қытай нарығына қазақстандық АӨК өнімдерінің (30-дан астам түрі) шектеулерін алып тастау және қол жеткізу жөніндегі жол картасына қол қойылды. Қазіргі уақытта "CITIC" ірі қытай корпорациясы «Қазақстанның ет одағымен» бірлесіп, карантиндік алаңдар мен ет өңдеу өндірістерін құру бойынша шекаралық аумақта ірі инвестициялық жобаны іске асыруда. Бұл Қазақстанның тірі мал мен сиыр еті бойынша экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тараптар Пекин қаласында өткен «Бір белдеу – бір жол» форумында мұздатылған сиыр етіне ветеринарлық сертификатқа қол қою туралы келісімге келді. Бұл Қытай нарығына ірі қара мал етінің қол жетімділігі жөніндегі келіссөз үдерісін аяқтайды. Қытай тарапы бес қазақстандық ет өңдейтін кәсіпорындарды инспекциялау бойынша есептерді дайындауды тәмамдады. 4 кәсіпорын ҚХР тізіміне енгізіледі деп күтілуде, бұл оларға ҚХР аумағына сиыр етін экспорттауға мүмкіндік береді.  

Серіктес жаңалықтары