1524
«Қош келдің, әз Наурыз!»
«Қош келдің, әз Наурыз!»
Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының мұрындық болуымен бастауыш сыныптағы оқушылардың шығармашылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы жан-жақты білімдерін тереңдету, мәнерлеп өлең оқу, бата жаттау, ән айту, би билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту, елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу, шығармашылығы арқылы көктем табиғатының ерекшелігін көрсете білу, ұлттық салт – дәстүрлерге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу мақсатында 14 наурыз күні №40 жалпы білім беретін мектептің шаңырағында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты аудандық байқау өткізілді. Байқауға ауданның 14 білім мекемесінен 41 оқушы қатысты.
Бұл аудандық байқау үш номинация бойынша өтті.
* Бірінші номинация – «Наурыз бата»;
* Екінші номинация – «Көктем аруы» (бұрымды қыз);
* Үшінші номинация – «Наурыз думан».
Бата сайсына ауданның 14 баласы өздерінің бақтарын сынап, жатқа білетін баталарының тізбесін әділқазыларға ұсынып өнерлерін ортада көрсете білді. Әділқазылар сайсыкерлер ұсынған тізбеден батаны кез келген жерінен сұрап сайскерлерді шындап сынап көрді. Бұл номинацияда қазылар алқасы жатқа білетін баталарының санына және мәнерлеп көркемдеп оқылуына қарай бағасын берді.
«Бұрымды қыз» байқауына бастауыш сыныптың қыздары қатысты. Байқау ережесіне сәйкес ауданның барлық білім мекемелері сайысқа қатысатын ұзын шашты, ұлттық салт-дәстүрде киінген, ұлттық салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап беретіндей етіп сайыскер қыздары сахнада өнерлерін паш етті.
Үшінші кезең «Наурыз думан» номинациясы бойынша байқауға әр мектептен келген оқушылар ұлттық нақышта (терме, ән, би) өнерлерін көрсете білді.
Байқау алдында қазылар алқасының төрағасы Әзірбайжан этно-мәдени орталығының, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы, «Мемлекетік тіл» қоғамдық қозғалысы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Мемлекеттік тілді дамыту қорының» Қамқоршылық кеңесінің мүшесі. «Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері Асылы Осман Әлиқызы мен мектеп басшысы Сарбагысов Асқар Темірханұлы «Қош келдің, әз Наурыз!» атты аудандық байқаудын ашылу салтанатын Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Абдиманапова Қарлығаш Ақанқызының атынан байқау алдындағы құттықтау сәлемдемесін жолдап, сайыскерлерге сәттілік тілеп, байқау барысын ашып берді.
Аудан көлемінде ұйымдастырылған ұлттық нақыштағы айтулы байқауға әділ бағасын беру үшін еліміздің, қаламыздың үлгі ұстар аға-әпкелеріміз, қазылар алқасының төрағасы - Асылы Осман Әлиқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев сыйлығының иегері - Есетова Гүлшара Есетқызы, ақын, жазушылар одағының мүшесі - Тікебаева Бүбішқан Қанапияқызы, ақын, жазушы, архитектор, этнодизайнер, суретшілер одағының мүшесі, ҚР мәдениет саласының қайраткері - Набижан Байтеков, Алматы қаласы, Орталықтандырылған кітапхана жүйесі №33 балалар кітапханасының меңгерушісі - Қуаныш Разаққызы Исакова арнайы шақырылып, байқауға әділ бағаларын берсе, ауқымды шараны мектептің дарынды жас мұғалімдері Мұсабек Ақмарал Ғабиденқызы мен Шахабай Ұлбала Муханқызы байқауды ұйымдастырып, жүргізуші қызметін атқарды.
Байқау нәтижесінде үздік деп танылған ауданның дарынды оқушылары өздерінің жүлделі орындарына ие болды.
1. «НАУРЫЗ БАТА» номинациясы бойынша:
> Бас жүлде иегері - Азат Күзембаев (№40 жалпы білім беретін мектеп);
> І орын – Жолдыбай Бағлан (№183 жалпы білім беретін мектеп);
> ІІ орын – Жеңіс Әліби (№65 жалпы білім беретін мектеп);
> ІІ орын – Рүстем Мұхам
> едиұлы (№191 жалпы білім беретін мектеп);
> ІІІ орын – Теңізбай Нұрлыбек (М.Базарбаев атындағы №138 гимназия);
> ІІІ орын – Балғабек Бекмахан (№10 мектеп-интернат);
> ІІІ орын – Төлегенұлы Рамазанәлі (№190 жалпы білім беретін мектеп).
2. «КӨКТЕМ АРУЫ» номинациясының қорытындысы:
> Бас жүлде иегері - Медекенова Айдана (№88 жалпы білім беретін мектеп);
> І орын – Салыбек Сая (№81 мектеп-гимназия);
> ІІ орын – Тыныбек Мадина (№183 жалпы білім беретін мектеп);
> ІІ орын – Ерғали Ажар (№40 жалпы білім беретін мектеп);
> ІІІ орын – Мекешова Кәусар (№145 жалпы білім беретін мектеп);
> ІІІ орын – Матаева Ақмарал (№93 жалпы білім беретін мектеп);
> ІІІ орын – Дінмұхамед Кәусар (М. Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназия).
3. «НАУРЫЗ ДУМАН» үшінші номинация:
> Бас жүлде иегері - Тастыбай Батыр (М. Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназия);
> І орын – Бостан Нұрболат (№10 мектеп-интернат);
> ІІ орын – Абдулла Мәди (№40 жалпы білім беретін мектеп);
> ІІ орын – Амангелді Нұрасыл (№65 жалпы білім беретін мектеп);
> ІІІ орын – Мұрат Дильназ (№146 мектеп-лицей);
> ІІІ орын – Исан Аяна (№145 жалпы білім беретін мектеп);
ІІІ орын – Марат Азамат (М. Базарбаев атындағы №138 мектеп-гимназия).
Өзге де, осы байқауда белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Байқау соңында мектеп директоры Асқар Темірханұлы аудандық «Қош келдің, әз Наурыз!» байқауының басты көркемдік жетекшісі болған, өзінің 8 қанатты киізүйін әкеліп, мәжіліс залының сахнасын ұлттық нақышта киізүйдің
бейнесімен кешкі сағат 23:00-ге дейін отбасымен байқаудың жоғары деңгейде өтуіне бар күшін салып, сахнаны әсемдеген, мектептің ата-ана комитетінің төрағасы Солтанбекова Мағрипа Омарқызына, байқаудың басты жұлдыздары болған №1 Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, директоры Омарова Ғалия Бейсенқызына және іс-шараның көркемдік, әсемдік жағынан қол-өнер бұйымдарынан мекеп жанынан көрме ұйымдастырған №145 жалпы білім беретін мектептің еңбек пәнінің мұғалімдеріне, байқауға төрелік еткен әділқазы мүшелеріне құрмет білдіріп, шараның өтуіне үлесін қосқан барлық кіслерге өзінің ризашылығын білдіріп, алғыс сөзін жаудырды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ербошаев Ермек Бақытбекұлы