Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды

Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды

Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
376
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қайрат Құдайбергенұлы Талдықорған облысы Панфилов ауылында (қазір - Алматы облысы Жаркент ауылы) дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1987). 1987-91 - Қазақ политехникалық институтының тарих пәні бойынша мұғалімі. 1991-93 - ҚМУ аспиранты. 1993-97 - Қазақстан СІМ 3-ші, 2-ші хатшысы, бөлім бастығы, Азия елдері басқармасы бастығының орынбасары. 1997 - ҚР СІМ Азия елдері департаменті директорының орынбасары. 1997-98 - ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы, 4-ші департамент директорының орынбасары. 1998-99 - ҚР СІМ 3-ші департаменті, екіжақты ынтымақтастық департаментінің директоры. 1999-2001 - ҚР Сыртқы істер вице-министрі. 2001-2003 - Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі. Сәуір, 2003 - наурыз, 2006 - Израильдағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі. 3 наурыз, 2006 - тамыз 2007 - ҚР сыртқы істер вице-министрі. Тамыз, 2007 - қыркүйек, 2008 - Австриядағы ҚР елшісі - ЕҚЫҰ-дағы ҚР тұрақты өкілі. Қаңтар, 2008 - ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық комитетінің төрағасы. Қыркүйек-желтоқсан, 2008 - ЕҚЫҰ мен Венадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР тұрақты өкілі. Желтоқсан, 2008 - наурыз, 2011 - ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі. Наурыз, 2011 - Аустрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі. 2016 жылы желтоқсан айынан 2018 желтоқсанына шейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметін атқарды.  

Серіктес жаңалықтары