388
Ислам Әбішевке қандай айып тағылды?
Ислам Әбішевке қандай айып тағылды?
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі АШМ Су ресурстары комитеті төрағасы Ислам Әбішевке қатысты істің мән-жайын ашты, деп хабарлайды Тengrinews.kz.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы мен оның көмекшісі «Қазақ күресі» дүниежүзілік федерациясы халықаралық қоғамдық бірлестігінің вице-президентіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Осы орайда Комитет төрағасы осы федерацияның президенті екені белгілі», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова.
«Олар мердігерлік ұйым өкілінен су құбырын қайта жаңарту және ауылдық елді мекендерге тарату желілерін салу үшін 60 миллион теңге бопсалап, пара алды деген күдікке ілінген», - деді ол.
16 наурызда Сот күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Тергеу жалғасады.
Ол сумен жабдықтау саласын дамыту үшін 2017 және 2018 жылдары 90 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті.
АШМ Су ресурстары комитеті «Қазсушаруашылығы» РМК қызметін үйлестіреді. Ол Республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектілерін пайдалануды, ұстауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, суармалы және ауыз су беруді жүзеге асырады.
«2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін Ұлттық бюро органдары мен оның аумақтық бөлімшелерінде тергеу нәтижелері бойынша сотқа комитеттің және «Қазсушаруашылығы» РМК лауазымды тұлғаларына қатысты 38 іс жіберілді. Аяқталған қылмыстық істер бойынша залалдың жалпы сомасы - миллиард теңге. Қазіргі уақытта Ұлттық бюро комитетте қылмыстық схемаларды анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүргізілді», - деп нақтылады Бастарова.
Комитетте немесе «Қазсушаруашылығында» сыбайлас жемқорлық деректері туралы мәліметі бар азаматтар агенттіктің call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарласа алады.