Ұлыбритания азаматы астаналық полицейлерге не үшін алғыс айтты

Ұлыбритания азаматы астаналық полицейлерге не үшін алғыс айтты

Ұлыбритания азаматы астаналық полицейлерге не үшін алғыс айтты
ашық дереккөзі
464
Ұлыбритания азаматы Роберт Дуглас Сим «Есіл» ауданы полиция басқармасының қызметкерлеріне сауда орталығында жоғалтып алған жеке заттары мен құжаттарын тез арада тауып бергендері үшін алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шетелдік өз алғысын ҚР ІІМ басшылығы мен Астана полиция департаментіне жазған хатында білдірген. «Мен полицейлердің жұмысы қиын екенін білем, бірақ полиция қызметкерлерінің менің мәселемді жылдам шешіп бергеніне қайран қалдым», - деп жазды Роберт Дуглас Сим. Хат авторы полиция қызметкерлері полиция майоры Владимир Ысмағұловқа, полиция капитаны Расул Дәліге және аға лейтенант  Нұрлан Сматовқа рахмет айтты. Полиция ведомствосының басшылығына қызметтік міндеттерін адал атқарып, азаматтардың өтінішіне дер кезінде жауап қатқандары үшін алғыс жарияланды.  

Серіктес жаңалықтары